Халық әні — Су ішінде метре

Осы парақта Халық әні — Су ішінде метре деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Су ішінде метре текст, сөздері, ән мәтіні

Бай да өткен, қара да өткен, жарлы да өткен.
Жас бала, кемпір мен шал бәрі де өткен-ай.
Балалар, тіршілікте күліп-ойна.
Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен-ай.

Су ішінде метре,
Шыға алмайды шетіне.
Осындайда, үй-үй, ойнап күл,
Өткен іске-ай өкінбе.

Ақ үйдің ат байладым кермесіне,
Пәнденің кім таласар бермесіне-ай.
Балалар, тіршілікте күл де, ойна,
Мен кепіл өткен жалған келмесіне-ай.

Су ішінде метре,
Шыға алмайды шетіне.
Осындайда, үй-үй, ойнап күл,
Өткен іске-ай өкінбе.

Халық әні

Оставьте комментарий