Халық әні — Сырласу вальсі

Осы парақта Халық әні — Сырласу вальсі деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сырласу вальсі текст, сөздері, ән мәтіні

Түн жамылып келеміз, айсыз ашық аспан,
    Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымындасқан.
    Бара жатқан зымырап, байқалмайды уақыт,
    Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт!

    Алматының гүл бағын аралаймыз ұзақ,
    Қиялменен кетеміз кейде алысқа ұзап.
    Күйге толы көңілдер, араластық биге,
    Қандай ыстық осы шақ, асықпа сен үйге.

    Алақанда алақан, күлімдейді көзің,
    Құшағымда қуаныш қасымда сен өзің.
    Бүгінгі күн тамаша, бүгін нұрлы бар маң,
    Бүгін, міне, қосылды арман менен арман.

Оставьте комментарий