Халық әні — Сыр ашу

Осы парақта Халық әні — Сыр ашу деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сыр ашу текст, сөздері, ән мәтіні

Жанарыңның нұрынан балқып едім,
    Қанатында арманның қалқып едім,сәулем-ай.
    Өзің ғана серік боп өтер дегем,
    рас болса өмірде жар сүйерім,сәулем-ай.
   
    Қайырмасы
    Ахахоу,
    Табындырдың.
    Жаным құрбым,
    жалын құрбым,бір өзің.
   
    Көрген сайын көктемдей гүл өңінді,
    Жұлып бере жаздаймын жүрегімді,сәулем-ай.
    Сыр аша алмай сыртыңнан армандаймын,
    Тұмар етіп тақсам деп тілегімді,сәулем-ай.
   
    Қайырмасы.
   
    Жалындаған жайымды ұғасыңба,
    Тұнығым боп кеудеме тұнасыңба,сәулем-ай.
    Қос жүректің лүпілін қосайықшы,
    Өткелдерін өмірдің бір асуға,сәулем-ай.

    Қайырмасы.
   
   
   

Оставьте комментарий