Халық әні — Сыр сұлуы

Осы парақта Халық әні — Сыр сұлуы деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сыр сұлуы текст, сөздері, ән мәтіні

Жайраңдап жазда ағатын еді,
Есімде қайран Сыр сұлу.
Таңертең сонда баратын еді,
Толқынға құмар бір сұлу.

Қайырмасы.
Аңсатса Сыр өңірі,
Ән тербер жүрегімді,
Өзіңнен туған ұлың айналсын.
Жайқалған ақ күрішің,
Жаралған шаттық үшін,
Қайран сол, Сыр сұлуы, қайдасың?!

Тұрғандай қарап толқынды Сырға
Бір сұлу әсем жан сыры.
Сәуле боп ойнап жатқандай суда
Көзінің ерке жарқылы                                          

Қайырмасы.

Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан
Толқынды шашын күн қағып?
Қала ма қарап жағада тұрған,
Күріштің басы ырғалып?!

Қайырмасы.

Сыр бойы түгел сол қызды мақтап,
Жігіттер әнін шертеді.
Тізілген тісі күріштей аппақ,
Сырдан да жаны ерке еді.

Қайырмасы.

Оставьте комментарий