Халық әні — Сұлу қыздың сыны

Осы парақта Халық әні — Сұлу қыздың сыны деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сұлу қыздың сыны текст, сөздері, ән мәтіні

Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,
Он алты, он жетіге келгенде жас, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Пісіп тұрған жанаттың алмасында-ей,
Алма мойын, ай жүзді, қиылған қас, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Бір сұлу бар жаһанда шынарланған-ей,
Жанның бәрі сол қызға құмарланған, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Сол сұлудың сипаты тілден келмес-ей,
Әсем тағып мойнына тұмарланған, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий