Халық әні — Сұрша қыз

Осы парақта Халық әні — Сұрша қыз деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Сұрша қыз текст, сөздері, ән мәтіні

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)

Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз,
Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз.
Дарияның жарға соққан толқынындай,
Көз салған көрінгенге көңіл арсыз.

Әндір, әндір, әндір-ай,
Ішімді оттай жандырды-ай.
Ғашық болып қосылып,
Құмарымды қандырды-ай.
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз,
Көңілімді қалдырды-ай.
Ахау, Сұрша қыз, енді есен бол!

Неше жыл жүрсем-дағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда.
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам
Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда.

Әндір, әндір, әндір-ай,
Ішімді оттай жандырды-ай.
Ғашық болып қосылып,
Құмарымды қандырды-ай.
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз,
Көңілімді қалдырды-ай.
Ахау, Сұрша қыз, енді есен бол!

Халық әні

Оставьте комментарий