Халық әні — Толағай

Осы парақта Халық әні — Толағай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Толағай текст, сөздері, ән мәтіні

Мамырдың желпілдеген жұпер лебі,
    Қиқулап келді тағы құстар легі,
        дүние,шіркін,жайнайды,еркем!
    Толқытып Толағайдың мақпал түні,
    Арманың кеткендей бір болмай шегі,
        беймаза көңіл сайрайды,еркем!
       
    Қайырмасы
    ахоу,
    асыл еркем,
    Асыл еркем,
    Толғанып салған әнім жетер ме екен?
   
    Жайлауы Толағайдың қоңыр салқын,
    тербеген түні қысқа,таңы жақын,
        ғашықтар сыры шертіледі,еркем!
    Өзге емес өзіме де қимайтындай,
    Жарқылдап жүретұғын ашық-жарқын,
        көрсем бір шіркін көркіңді,еркем!
   
    Қайырмасы.
   
    Жылқым көп Толағайдың етегінде,
    Ақ боз ат өзің көрген жетегімде,
        сен жоқсың әлі сағындым,еркем!
    Мұратқа жеткізгендей шаттандырып,
    Қол бұлғап қалып едің көтерімде,
        сертіңе сол бір бағындым,еркем!
   
    Қайырмасы.

Оставьте комментарий