Топ дуадақ дегенде, топ дуадақ,
Топ дуадақ жайылар көк қуалап.
[Қайырмасы]
Айым-ай,
Ағарып атқан таңым-ай,
Жанап бір өтші, қалқа жаным-ай.
Уәделі жеріңе келші, сәулем,
Аулыңның тұсынан өтсем жанап.
[Қайырмасы]
Айым-ай,
Ағарып атқан таңым-ай,
Жанап бір өтші, қалқа жаным-ай.
Топ дуадақ дегенде, топ дуадақ,
Бір өзіңді, жан қалқа, сүйдім қалап.
[Қайырмасы]
Айым-ай,
Ағарып атқан таңым-ай,
Жанап бір өтші, қалқа жаным-ай.
Шоқ түскендей жүрегім өртенеді,
Айдай жүзің толықсып, тұрсаң қарап.
[Қайырмасы]
Айым-ай,
Ағарып атқан таңым-ай,
Жанап бір өтші, қалқа жаным-ай.