Халық әні — Шіркін-ай (2-нұсқа)

Осы парақта Халық әні — Шіркін-ай (2-нұсқа) деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Шіркін-ай (2-нұсқа) текст, сөздері, ән мәтіні

Ел көшкенде жайлауға бір еркіндік,
Жол үстінде жас жүрек білер кімді,
Өміріңнің өзі көш, осы көштей,
Керек емес жігіттің бірер күндік-ай.

[Қайырмасы]
Болсаң мәңгі жолдас бол,
Болсаң мәңгі жолдас бол.
Керек емес жігіттік,
Бірер күндік-ай.

Қайда кетті сол жігіт, ақын жігіт-ай,
Көк шалғынға жүр ме екен үйін тігіп.
Күте-күте өзіңді шаршағаннан-ай,
Ұйықтаған боп, қыз көзін жатыр жұмып-ай.

[Қайырмасы]
Қапы қалма, бозбала,
Қапы қалма, бозбала,
Ұйықтаған боп,
Қыз көзін жатыр жұмып.

Оставьте комментарий