Халық әні — Шіркін-ай (3-нұсқа)

Осы парақта Халық әні — Шіркін-ай (3-нұсқа) деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Шіркін-ай (3-нұсқа) текст, сөздері, ән мәтіні

Ұшады көкала үйрек көл дегенде,
Сілекей сірне татыр шөлдегенде.

А, шіркін-ай, қайран сәулем.

Бір естіп хабарыңды жай таппадым,
Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде.

А, шіркін-ай, қайран сәулем.

Белгілі сұлу жылқы сырғалықтан,
Көруші ем сөзді тәуір бір қылықтан.

А, шіркін-ай, қайран сәулем.

Ала алмай сізден хабар қапа болдым,
Жетер ме сәлем айтсам бұлдырықтан.

А, шіркін-ай, қайран сәулем.

Оставьте комментарий