Халық әні — Шәмшіқамар

Осы парақта Халық әні — Шәмшіқамар деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Шәмшіқамар текст, сөздері, ән мәтіні

Шәмшіқамар секілді дәп-дәл Бану,
Кісі қайда көңілді сіздей тану.
Ғашықтықтың бұ дағы нышанасы,
Айтқан сөзің құрбыға жетпей қалу.

Қайырмасы
О,шіркін!
Сен дағы Бағдатта Шәмшиядай,
Балқыды,шіркін,көңіл дауаламай-ай!

Жиын-тойдан қалмаушы ек өтпейді деп,
Айтқан сәлем сәулеге жетпейді деп.
Сабыр сақтап отырмыз біраз ғана,
Жиылған көп ешқайда кетпейді деп.

Қайырмасы.

Әннің түрі келмейді кең шырқамай,
Көңіл,шіркін,келмейді қаршыға алмай.
Бұл көңілім басылар жанған өрттей,
Уағдалы тез келсе сүйген қалқа-ай.

Қайырмасы.

Оставьте комментарий