Әсет Найманбайұлы (1867-1922)
Ақ тұйғын құс қолымда зыр қақты ма,
Басып-басып алайын “Ырғақтыма”.
Бозбала, саған айтар өсиетім
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Е-ей, өтеді-ай жалған-ай, шіркін,
Арманменен!
Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.
Жауқазын желбіреген – жастық шағың,
Өмірдің мағынасын түсіне біл!
Е-ей, өтеді-ай жалған-ай, шіркін,
Арманменен!
Халық әні