Халық әні — Ысқақбайдың әні

Осы парақта Халық әні — Ысқақбайдың әні деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ысқақбайдың әні текст, сөздері, ән мәтіні

Мен Ысқақбай болған соң ойланбаймын,
Жылжып жатқан бұлақтай сорғалаймын.
Бойға қонған өнердің арқасында,
Не себептен мен неге қорғалаймын!
Сен жауған дария тасып иірім жарға,
Кездестірме тұрмыста пейілі тарға,
Кездестірсең тұрмыста пейілі тарға,
Тастап кетер сол адам орта жолда.

Мен Ысқақбай болғаным биыл емес,
Өлең деген біздерге қиын емес.
Алты қырдың астынан ән шырқасам,
От арбадан дауысым кейін емес.
Жасымнан сөйлеп жүрмін талай топта,
Сөзім дайын, кеудемде жазған хатша.
Домбыра алсам, қолыма тұра алмаймын,
Жұма сайын жүлде алған жүйрік атша.

Оставьте комментарий