Халық әні — Япырмай

Осы парақта Халық әні — Япырмай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Япырмай текст, сөздері, ән мәтіні

Айдап келдім-ой, жылқымды бие бауға, ахау,
Оралады-ой, ақшабақ жібек бауға.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Жалғыз тұрған-ой жапанда сен бәйтерек, ахау,
Бұтағыңа-ой мен келдім ұялауға.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Күміс ерді-ой көтеріп атқа салдым, ахау,
Атадым да-ой атыңды хатқа салдым.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Жас жүректің-ой обалы бір өзіңде, ахау,
Шыбын жанды-ой сен үшін отқа салдым.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Халық әні

Оставьте комментарий