Халық әні — Ілік-ай, сәулем, ілік-айдай

Осы парақта Халық әні — Ілік-ай, сәулем, ілік-айдай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ілік-ай, сәулем, ілік-айдай текст, сөздері, ән мәтіні

Өлең басы бісміллә шеттен дейд(і)-ай, оу,
Бісмілләсіз айтқан сөз бөтен дейд(і)-ай, ой.

[Қайырмасы]
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!

Бісмілләны аузыңа үш келтірсең-ау,
Шайтан қашып жолыңнан кетер деймін-ау.

[Қайырмасы]
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!

Ақын емес, мен өзім ақ маңдаймын-ау,
Ақынмын деп ешкімге мақтанбаймын-ау.

[Қайырмасы]
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!

Айтар кісі алдыма кез келгенде-ау,
Қыбыладан қызыл жел соққандаймын-ау.

[Қайырмасы]
Ілік-ай, сәулем,
Ілік айдай,
Келсе шамаң,
Күліп ойн(а)-ай!

Оставьте комментарий