Халық әні — Інжу-маржан

Осы парақта Халық әні — Інжу-маржан деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Інжу-маржан текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Әуелетіп ән салса әнші Әсет,
Аққуменен аспанда жер тілдесед.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы.
Жүрегінен күңіреніп желдей есед.
Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,
Ал көрінген көркіңді-ай,
Гүл майысып, гүл жайнап,
Бір көрінсең, еркем-ай.
Сәйфіл Мәлік – Жамалдай,
Бейнетіңе көнсем-ай!
Қозы-Көрпеш – Баяндай,
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!

Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,
Орман, тоғай, өзенді жамыратып.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Арқыратып ағызып ән нөсерін,
Толқынымен жүректі жадыратып.
Сағынбасқа не шара?

Әуелетіп ал жібер Әсет әнін,
Шарықтасын, шомылтсын әнге маңын.
Аққудайын айналып айға қонып,
Аймаласын, қуансын әнші жаның.
Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,
Ал көрінген көркіңді-ай,
Гүл майысып, гүл жайнап,
Бір көрінсең, еркем-ай!
Сәйфіл Мәлік – Жамалдай,
Бейнетіңе көнсем-ай.
Қозы-Көрпеш – Баяндай,
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!

Халық әні

Оставьте комментарий