Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.
Іңкәр-ай,Жанипа-ай,
Жарамайсың,Әнипа-ай.
Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.
Іңкәр-ай,Жанипа-ай,
Жарамайсың,Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.
Иран бақтың,ай,қалқа,гүлідейсің,
Піскен алма алқызыл түріндейсің.
Іңкәр-ай,Жанипа-ай,
Жарамайсың,Әнипа-ай.
Жүзіп жүрген судағы сен ақ қайран,
Салсам қармақ өзіңе ілінбейсің.
Іңкәр-ай,Жанипа-ай,
Жарамайсың,Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.