Халық әні — Ғазиз

Осы парақта Халық әні — Ғазиз деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Ғазиз текст, сөздері, ән мәтіні

Ғазиз Файзоллаұлы (1860-1930)

Атандым Ғазиз ақын бала жастан,
Ақын жоқ Қараөткелде менен асқан.
Жүйрікті жорға мініп жетеледім,
Көңілім қалған емес қиғаш қастан.

Ау, өттің жалған,
Кештім сайран.
Жігіттік әсерінде
Салдым сайран.

Файзолла әкем аты, Ғазиз атым,
Демесең шала қазақ арғы затым.
Жел сөздің бірекі ауыз арқасында,
Үш жүздің таныс еттім азаматын.

Ау, өттің жалған,
Кештім сайран.
Жігіттік әсерінде
Салдым сайран.

Халық әні

Оставьте комментарий