Халық әні — Қазақ вальсі

Осы парақта Халық әні — Қазақ вальсі деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қазақ вальсі текст, сөздері, ән мәтіні

Сәбит Мұқанов (1900-1973)

Май туса, гүлдер шешек атса жазда,
Тоғайда бұлбұл, көлде аққу, қаз да.
Сайраса, біз жастар да нақ солардай,
Бақытқа бөленеміз, сауық назға.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.

Сарқырап асау бұлақ ақса құздан,
Алтын күн күлімдесе көкте қызған.
Біз жастар күн нұрынан қуат алып,
Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.

Халық әні

Оставьте комментарий