Халық әні — Қазақ Советтік Социалистік Республикасының гимні

Осы парақта Халық әні — Қазақ Советтік Социалистік Республикасының гимні деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қазақ Советтік Социалистік Республикасының гимні текст, сөздері, ән мәтіні

Сөзін шығарған Қайым Мұхамедханов (1916-2004), Әбділда Тәжібаев (1909-1998), Ғабит Мүсірепов (1902-1985)
Әнін шығарған Мұқан Төлебаев (1913-1960), Евгений Брусиловский (1905-1981), Латиф Хамиди (1906-1983)

Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына.
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекте, майданда жеткізген жеңіске,
Данышпан партия – сүйікті кемеңгер.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Халық әні

Оставьте комментарий