Есіңде ме, есіңде ме сол бір жаз,
Жарасымды әзіл, күлкі, мөлдір наз.
Жан жүрегім толған шаттық әніне,
Сол әуенді айта берем әлі де.
Қимас жандай жаутаңдап ең елжіреп,
Тез өтерін аңдамапты-ау бұл жүрек.
Күндер өтті. Сенімімнің аспаны,
Күңгірт күздей тұмандана бастады.
Өтті бәрі… Көрген түстей сағымдай,
Бірге едік қой, көздің қара, ағындай.
Менсіз, сірә, таппаушы еді-ау жаның жай,
Апырай, сен қалай жүрсің сағынбай?!