Халық әні — Қалаулым-ай

Осы парақта Халық әні — Қалаулым-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қалаулым-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға, қалаулым-ай!
Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда, қалаулым-ай!

[Қайырмасы]
Алматы мен Қоғалы-ай,
Әркім көңілі жоғары-ай.
Аса байлық не керек,
Ден сау болса, болғаны-ай-ау!
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе?
Осы отырған отырыс,
Бір ғанибет емес пе-ай-ау!

Мінген атым астыма құла қасқа,
Шеңбер салдым құдыққа құламасқа, қалаулым-ай.
Әдейі іздеп аулыңа мен барғанда, ахау!
Танымаған адамдай тұра қашпа, қалаулым-ай.

[Қайырмасы]
Алматы мен Қоғалы-ай,
Әркім көңілі жоғары-ай.
Аса байлық не керек,
Ден сау болса, болғаны-ай-ау!
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе?
Осы отырған отырыс,
Бір ғанибет емес пе-ай-ау!

Оставьте комментарий