Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп,
Ойлама отыз, ойсыз, суық жан деп.
Жалынды жүректегі көзден жас қып,
Болады ағызғаным ол неге сеп?
Ахай, қа0лқам-ай,
Болады ағызғаным ол неге сеп?
Кқңіліңе дайын тұр ғой жайым менің,
Қатайған дұшпандығың шығар сенің.
Ішімді егер менің жарып көрсең,
Ұмытып жылауыңды шошыр едің.
Ахай, қалқам-ай,
Ұмытып жылауыңды шошыр едің.