Халық әні — Қамажай

Осы парақта Халық әні — Қамажай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қамажай текст, сөздері, ән мәтіні

Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп.
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед,
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Мойнына үкі-тамыр тағып жүрсе.
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.

Халық әні

Оставьте комментарий