Халық әні — Қаракөз /1-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Қаракөз /1-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қаракөз /1-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Мынау қолым, Қаракөз, саған созған,
Махаббаттың жүректе оты қозған.
От жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан.

Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармаған,
Сұм басым, үйбай, сөзге ерген.

Жүрген жүріс, Қаракөз, күлген күлкің,
Жанған жүрек қасында болсаң шіркін!
Сені ойласам, Қаракөз, ас батпайды,
Түнде ұйқым келмейді, күндіз күлкім.

Қаратаудың басынан түсер сағым,
Сағынғанда қайда едің, ғашық жарым?
Туған айдай секілді сүйген сәулем,
Сенің сұлу болғаның деуші ем бағым.

Жаман атты мінбеген жалды екен деп,
Жалынбағын жаманға малды екен деп.
Айналайын сүйген жар, айнып кетпе,
Аяғына қан түсіп қалды екен деп.

Халық әні

Оставьте комментарий