Халық әні — Қаракөз /2-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Қаракөз /2-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қаракөз /2-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Қарасындай көзімнің сәулем едің,
Бастан кешкен баяғы дәурен едің.
Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен,
Не сиқырмен басымды әуреледің.

Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармай қап,
Сұм басым, үйбай, сөзге ерген.

Сенің биік, заңғар тау, қарауылың,
Әсем екен бөлекше жаралуың.
Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен,
Жүректе қан денеме таралуын.

Сағынышты көңілім болды алаң,
Саған жетпес болса да қандай бағлан.
Малсыз, бақсыз, себепсіз сіздің дертің,
Бұған шипа, япырмау, қайдан табам.

Денсаулығым қалмады бір сені ойлап,
Сағынғаннан мен жүрмін судай қайнап.
Қосылмақты не қылса ойлаушы едік,
Дариясына тәуекел басты байлап.

Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармай қап,
Сұм басым, үйбай, сөзге ерген.

Халық әні

Оставьте комментарий