Халық әні — Қараторғай /1-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Қараторғай /1-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қараторғай /1-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

(Сырдың “Қараторғайы”)

Құс болсаң жібектен бау тағар едім,
Күмістен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,
Қолға алып, сылап-сипап бағар едім.

Салайын мен әніме
Қараторғай, қараторғай.

Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл,
Албырап екі бетің жанар гүл-гүл.
Бейіштің гүл жамылған сарайында,
Сайраған тоты құстай сен бір бұлбұл.

Салайын мен әніме
Қараторғай, қараторғай.

Халық әні

Оставьте комментарий