Халық әні — Қарағым-ай

Осы парақта Халық әні — Қарағым-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қарағым-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Қара тайға жарасқан қара терлік,
Жараспайды жігітке төтен ерлік.
Жамандардың жабыққан ісі дейді,
Өлең айтып көңілді көтерелік.

Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай.

Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің,
Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің.
Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің,
Білінбей ме досыңа еткен ісің.

Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий