Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы ақ қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қарлы мұрын,
Ақша жүз ал қызыл бет тіл байлайды.
көрінер аузын ашса аппақ тісі,
Сақалды қолмен тізген іш қайнайды.
Етіндей жас баланың білегі бар,
Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Шашы бар қолаң қара жібек талды,
Торғындай толқындырып көз таңдайды.