Халық әні — Қисмет /4-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Қисмет /4-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қисмет /4-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Көк шығып, жердің жүзі жайнағанда,
Басына бұлбұл қонып сайрағанда.
Қойдан қатық, сиырдан айран ұйытып,
Тыста құрт, үйде ірімшік қайнағанда.

Екі-екіде, ел көшсе, әнге салып,
Жиналып жастар жылқы айдағанда.
Ел қонса, құрық алып шырқ иіріп,
Биені үйге бөліп жайғағанда.

Құлынды шырылдатып, шұрқыратып,
Көк майса шалғын жерге байлағанда.
Қыздырар, қымыз ішсең, албыратып,
Бал татып бағлан еті шайнағанда.

Бас қосып қымыз мұрын тойын тойлап,
Тай мініп жас балалар ойнағанда.
Халықтың бұл да үлкен бір мұраты,
Көкорай жылғалы өзен жайлағанда.

Халық әні

Оставьте комментарий