Қор болды жаным,
Сенсіз де менің күнім.
Бек бітті халім,
Тағдырдан көрген зұлым,
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәндә?
Сайрай бер,тілім,
Сайраған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
жар тайған соң әр серттен.
Қамықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл.
Сағындым сені,
Көрмедім деп көп заман.
адам деп мені,
Салмадың хат сен маған.
Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.
Бұл қылған зарым,
Барса жардың маңына.
Ол — қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?!