Халық әні — Қоңыр қаз /1-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Қоңыр қаз /1-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қоңыр қаз /1-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Ғажап көп жер мен көктің арасында,
Біреу бай, біреу жарлы дүниясында.
Құдайым сауысқанға берсе бақыт,
Самұрық қызмет етер саясында.

Аз қызық тіршілігің серуендей,
Ажалдан қалған адам еру елдей.
Жұмғандай көзді ашып жалған дүние,
Көшерміз әлі-ақ бір күн керуендей.

Ахау, сен – қоңыр қаз,
Мен – шаһибаз.
Айтқанмен таусыла ма
Көңілде наз?

Халық әні

Оставьте комментарий