Халық әні — Қоңыр қаз /2-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Қоңыр қаз /2-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Қоңыр қаз /2-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Қоңыр қаз көл жағалап қаңқылдаған,
Тізіліп көлге қонып салқындаған.
Көңілді басылыңқы оятқандай,
Әнге сал “Қоңыр қаздай” саңқылдаған.

Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.

Қоңыр қаз көл жағалап ұшқан өрлеп,
Салғандай түрлендіріп әннен өрнек.
Ән салсаң, “Қоңыр қаздың” әніне сал,
Көтеріп көңіліңді көкке сермеп.

Ахау, иісің,
Қоңыр қаз бен шаһибаз.
Айтқанмен таусылмайды
Көңілде наз.

Халық әні

Оставьте комментарий