Әнімнен сезе алдың ба бір жаңа леп,
Күлгенмен, тым көңілсіз күндерім көп.
Жылайды жапырақтар ағыл-тегіл,
Төбеден сорғаласа ақ жауын кеп.
Қайымасы
Сен мені, жаным түсін,
Өмірлік сағынышым,
Іңкәрі сезімімнің —
Қыз-қызғалдақ.
Қиялы көңілімнің шарқ ұрады,
Жаралы жүрегіме үміт егіп,
Мен түгіл, ақ айдын да аһ ұрады,
Жолына көк дауылдың төсін керіп.
Қайырмасы.
Сөзі Қ.Жүнісов
Әні Қ.Жүнісов