Халық әні — Үлкен Ардақ

Осы парақта Халық әні — Үлкен Ардақ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Үлкен Ардақ текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Қыз қайда Ардақжандай туған айдай,
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы,
Жанымның сүйініші бұлбұл таңдай.

Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Болмас еді-ау, арманым,
Болса өзіңдей алғаным!

Ардақжан, сен ақ сұңқар бақшадағы,
Біреудің мәпелеген ақ тамағы.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Ерке өскен ел ішінде, ерке сәулем,
Секілді айдын көлдің ақ шабағы.

Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Емін-еркін сөйлесіп,
Тарқар ма еді-ау, арманым!

Халық әні

Оставьте комментарий