Халық әні — Әгегөй

Осы парақта Халық әні — Әгегөй деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әгегөй текст, сөздері, ән мәтіні

Аттың бәрі тумайды-ей бурылдай боп,
Тату өсер бар ма екен құрбыдай боп, әгегөй-ау.
Мен қалқаны сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады бұлбұлдай боп, әгегөй-ау.

Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен-ай.
Екі жақсы қосылса,
Таң атады жайменен-ай.

Баян таудың басында-ей нар кескенім,
Тал шыбықтай бұралып бірге өскенім, әгәгөй-ау.
Бағаласам бағаңа жан жетпейді.
Шекер шайнап, қолымнан бал жескенім, әгәгөй-ау.

Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен-ай.
Екі жақсы қосылса,
Таң атады жайменен-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий