Халық әні — Әги, қалқаш, Қазиза-ай

Осы парақта Халық әні — Әги, қалқаш, Қазиза-ай деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әги, қалқаш, Қазиза-ай текст, сөздері, ән мәтіні

Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.

Бір қамшы бар қолымда бұйра сапты-ай,
Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, әгигәй.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Қызыл тіл арадағы бұйра сапты, әгигәй.

Әги-әги-әги-гәй,
Әги, қалқаш, Қазиза-ай.

Халық әні

Оставьте комментарий