Дауысың бұлбұл болғанда өзің бір гүл, ахахау,
Он бестегі толған ай кезің бір бұл айдай, агугай, Жамал-ай.
[Қайырмасы]
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!
Тал бойыңда тарыдай бір мін жоқ, ахахау,
Тас бұлақтай дауысың шыққан сыңғыр, айдай.
[Қайырмасы]
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!
Үйректің өрге жүзер қасқалдағы,
Көпірдің солқылдайды басқа жағы.
[Қайырмасы]
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!
Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,
Секілді шолпан жұлдыз аспандағы.
[Қайырмасы]
Жаным, саған не амал-ай,
Бірге жүрер заман-ай!