Халық әні — Әгөй көк

Осы парақта Халық әні — Әгөй көк деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әгөй көк текст, сөздері, ән мәтіні

Ай, жаным, торы жорға, торы жорға, әгәй көк,
Басында торы жорға шәйіден дорба, өтеді жалған, амал жоқ.
Түскенде сен есіме, сенер болсаң, әгәй көк,
Басамын аяғымды әзер зорға, өтеді жалған, амал жоқ.

Ақтаңгер тау биігі артылар ма, әгәй көк,
Інжу тас қара пұлға сатылар ма, өтеді жалған, амал жоқ.
Әркімнің әзілдесер құрбысы бар, әгәй көк,
Қараңға қара қарға шатылар ма, өтеді жалған, амал жоқ.

Келеді ердің ері екі елуге, әгәй көк,
Ақ тұйғын құс қонады мекеніне, өтеді жалған, амал жоқ.
Қашаған қашарында байқап қашар, әгәй көк,
Артынан жүйрік қуып жетерінде, өтеді жалған, амал жоқ.
Шын ашық өз басыма болсаң, құрбым-ай, әгәй көк.
Қамшыңды беріп кеткін кетерінде, өтеді жалған, амал жоқ.

Халық әні

Оставьте комментарий