Халық әні — Әлі есімде

Осы парақта Халық әні — Әлі есімде деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әлі есімде текст, сөздері, ән мәтіні

Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны,
Сырласумен жазғы таңның атқаны.
Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры,
Аққайыңның желмен сыбдыр қаққаны.

Әлі есімде,әлі есімде сол бір кез,
Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!

Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады.
Қара шашың мойныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.

Әлі есімде,әлі есімде сол бір кез,
Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!

Содан бері өтті,сәулем,талай күн,
Әлсін-әлсін суретіңе қараймын.
Тағдыр бізді алыстатты,қоспады,
Сыры ғой бұл екеуміздей талайдын.

Әлі есімде,әлі есімде сол бір кез,
Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!

Оставьте комментарий