Халық әні — Әмірдің әні

Осы парақта Халық әні — Әмірдің әні деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әмірдің әні текст, сөздері, ән мәтіні

Ауылдан шығушы едім ертеңменен,
Жүйіткиді теңізшілер желкенменен.
Кетпейді тұрсам – ойдан, жатсам – түстен,
Жастағы өткізген күн еркемменен.

Су ағар ескі арықтан ылайланып,
Оңаша сырласайық былай барып.
Болғанда сіз – қызыл гүл, мен – көбелек
Маңында ұшып жүрген шыр айналып.

Мінемін той дегенде күреңімді,
Шаншимын күресінге күрегімді.
Шын көңіл, шыныменен менде болса,
Тигізші жүрегіме жүрегіңді.

Халық әні

Оставьте комментарий