Халық әні — Әпитөк /1-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Әпитөк /1-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әпитөк /1-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Басында биік таудың мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.

Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.

Басынан биік таудың мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей, қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.

Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ.

Халық әні

Оставьте комментарий