Халық әні — Әпитөк /3-нұсқа/

Осы парақта Халық әні — Әпитөк /3-нұсқа/ деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әпитөк /3-нұсқа/ текст, сөздері, ән мәтіні

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөк.
Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,
Бармас па ем сәулетайға әлде неше, әпитөк!

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.

Басында Әупілдектің мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк!
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтық тарқамаған құмары бар, әпитөк.

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.

Басынан Әупілдектің мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей, қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.

Халық әні

Оставьте комментарий