Халық әні — Әпитөк

Осы парақта Халық әні — Әпитөк деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Әпитөк текст, сөздері, ән мәтіні

Әсет Найманбайұлы (1867-1922)

Көрдім де болдым құмар, сәулем, саған,
Күн туса дидарласар есен-аман, Әпитөк.
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма?
Тілекке жететұғын болса заман, Әпитөк!

Е-ей, дыбыс жоқ,
Сөйлесуге тілхат жоқ.
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ.

Ей, сәулем, хат жазамын, сені ойлай,
Жүректі булықтырған толқын болмай, Әпитөк.
Дертімді жазып-жазбау өз қолыңда,
Ой билеп тына алмайды ерікке қоймай, Әпитөк.

Е-ей, дыбыс жоқ,
Сөйлесуге тілхат жоқ.
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ.

Ей, қалқа, ғашық болдым мен өзіңе,
Дөңгелек қарақаттай қос көзіңе, Әпитөк.
Қырмызы қызыл жібек сияқтанған,
Сыпайы қалам тартқан мінезіңе, Әпитөк.

Халық әні

Оставьте комментарий