Халық әні — Өмірлік әнім болшы

Осы парақта Халық әні — Өмірлік әнім болшы деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Халық әні — Өмірлік әнім болшы текст, сөздері, ән мәтіні

Сөзі Ш. Сариев
Әні Г. Дәукенова

Жаным-ау, мөлдіреген,
Сен неткен нәзік едің.
Іңкәр боп елжіреген,
Жанымның жазы ма едің.
Көңілдің көліндегі,
Аққу мен қазы ма едің.
Қия алмас өмірдегі,
Сағыныш сазы ма едің.

Қайырмасы
Жұлдызым көгімде жанғандай,
Аяулым, кез болдың армандай.
Тұңғиық мөп-мөлдір көзіңде,
Ай нұры үзіліп қалғандай.
Нәзік сырлы жаным болшы.
Арманға жетелейтін өмірлік әнім болшы.

Кеудемде бүршік жарып,
Келген бір көктем бе едің.
Жаныма тылсымдалып,
Ғайыптан жеткен бе едің.
Аққудай көгімде ұшқан
Аққанат құсым ба едің.
Сезіммен өмір құшқан,
Жүрегім арман менің.

Қайырмасы.

Оставьте комментарий