Шалкиіз Тіленшіұлы — Жауынды күні көп жүрме

Осы парақта Шалкиіз Тіленшіұлы — Жауынды күні көп жүрме деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Шалкиіз Тіленшіұлы — Жауынды күні көп жүрме текст, сөздері, ән мәтіні

Жауынды күні көп жүрме,
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі.
Жағаға дұспан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі.
Күндердің күні болғанда,
Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!
Арқаның құба жонында
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып,
Сол жаман елден кетер деп,
Артынан жақсылар қалар шақырып.

Оставьте комментарий