Ғафу Қайырбеков — Ағаны аңсау

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Ағаны аңсау деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Ағаны аңсау текст, сөздері, ән мәтіні

Тоқсанға толған күніңде,
Тоғыса алмадың халқыңмен.
Көрісе алмадың дүние,
Дүрілдеп тұрған даңқыңмен.
Таусылды, тағат амалым,
Даусыңды ғана тыңдатып.
Жоқ деген қиын қамалдың
Ар жағынан үн қатып.
Ғайып боп ғажап кескінің —
Патшадай мүсін, ай маңдай.
Қағасың бұлдыр кешқұрым,
Ауаға жұпар жайғандай.
Қайтара алмай өзіме
Алланың қатал бұйрығын,
Көрінбей қалдың көзіме,
Айбыны асқар биігім.
Халықпен өмір бір кешкен
Даңғайыр, дархан данышпан.
Еңбегіңді айтып түгеспен,
Қадіріңді айтып тауыспан.
Сағындым мұңнан айықпай,
Қасымда жоқ деп ағам да.
Ескексіз мынау қайықтай
Қалтылдап тұрған заманда.
Баяны қысқа аз дәурен,
Өтерсің сен де біздерден.
Арыстандарды аңсаумен
Арыстарымды іздеумен.

1992

Оставьте комментарий