Ғафу Қайырбеков — Еске алу

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Еске алу деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Еске алу текст, сөздері, ән мәтіні

Әке деп жүргенімнің аға екенін
Мен сәби есейгесін білдім кейін.
Қаз тұрып жаңа ғана бассам керек
Кеткенде әкем тастап жер мекенін

Үйретті ағам маған өмір атын,
Мол сапар, оған барар жолдың сәтін.
Үйретті қуанышын, өлеңін де,
Мен, бәлкім, содан бастап болдым ақын!

Үйретті ол, ол — қадірлі жолдас еді,
Жанының жалғыз бауыры олжасы еді.
Бір ғана үйретпеген нәрсесі оның –
Қасірет, қайғы — уайым, көз жасы еді.

«Қош» деді зор майданға сапар шекті,
Көп нәрсе айтар ма еді, айтпай кетті.
Сендім мен, жеткіншегін жылатпауға
Көңілінде бірге аттанды берген серті.

Оралмай қалды ол елге қайтып содан…
… Аңыз бар жеңді деген ажалды ағам…
Жылауға еш мүмкіндік бермей өткен
Дүниеде содан қымбат кім бар маған?!

Оставьте комментарий