Ғафу Қайырбеков — Жазған жырым

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Жазған жырым деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Жазған жырым текст, сөздері, ән мәтіні

Жазған жырым, — жалғыз далам,
өзге емес,
Қырымда да, Хиуада да көзге елес.
Елімді мен еркіндіктей сағынып,
Өз-өзіммен құрдым ылғи сөз — кеңес.

Елім менің — сенсіз менде хәл қандай,
Елегзимін — есіл көңілім жалғанбай,
Алыста бір ана айқайы естіліп,
Алыста бір балам жылап қалғандай.

Жібімейді тас кеудемде жыр қатып,
Алтын аңғар, сені көрмей бір балқып,
Қош, көңілге хоштық берген, қош
Қырым,
Қайттық елге, қамшыңды ұста,
жүр, Бақыт.

Оставьте комментарий