Ғафу Қайырбеков — Жақсы екен сенің Отаның

Осы парақта Ғафу Қайырбеков — Жақсы екен сенің Отаның деген әнді MP3 ретінде тегін жүктеу немесе тындау болады. Auender.kz — жаңа қазақша әндер хит өлендер онлайн 2021
No Audio File Selected/Uploaded

Ғафу Қайырбеков — Жақсы екен сенің Отаның текст, сөздері, ән мәтіні

С. Омаровқа

Жақсы екен сенің Отаның,
Келісті өлке, кең көңіл.
Ұмытпайды екен Сейтжанын,
Ұмытса да ұлы кейде бір.

Әлі тұр сонау көк қақпа —
Волисполком мекені.
Белгілі ғой айт-айтпа
Туған жер, шіркін, не екені.

Әлде бір ыстық сезіммен
Қараймын ұзақ мен-дағы
Үнсіз де үлкен көзіңмен
Қараушы едің сен-дағы

Қаңылтыр шілтер — көп әйнек
Шағылар күнге екінді.
— Үйге кір, жиен кел, әй! — деп
Шақырған өзің секілді.

Атбасар десе, ол жерден
Шыққандар еске түспей ме?
Аға едің ардақ көз көрген
Секілді жақын іш жейде.

Кешуін болса маған бер,
Еркелей қалдым жайша бір.
Дегендей саған туған жер
«Келіп те кетіп қойса бір!»

Оставьте комментарий